426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да ірі жол құрылысы тоқтап қалды

  • 259
  • UPD: 15:59, 10.07.2020

Шығыс Қазақстанда ірі жол құрылысы орта жолдан тоқтап қалды. Өскемен-Алтай-Рахман қайнары бағытындағы қауіпті серпантинді айналып өтуге мүмкіндік беретін жобаның енді қашан жалғасатыны белгісіз. Қарайған ел күтіп отырған бұл жолдың толық салынбай қалуына қарапайым қағазбастылық себеп болды. Енді онымен айналысып жатқан мердігер компаниямен келісім-шарт бұзылды, ал басқасы табылмай жатыр.

Осин асуы шығыс қазақстандықтарға жақсы таныс. Бұл жермен әйгілі серпантин өтеді.Осы  ирелең жолды түзетіп, тау-тасты тегістеп Алтай  мен Қатонқарағай ауданындағы туристік орындарға барар бағытты барынша қауіпсіз ету-тапсырыс берушілердің басты мақсаты болған.

Сөйтіп 2017 жылы 27 шақырымды қамтитын  ірі құрылыс басталды. Жұмыс қарқынды жүрді. Алайда  17 шақырымы біткен соң,өткен жылдың аяғында тоқтап тынды.

Қазір иен даладағы құрылыс алаңдары бос жатыр. Жолаушылар істің аяқсыз қалғанына налиды.  

Әлібек Сағадиев, көлік жүргізушісі:

- Қалды былтырдан бастап, істелмей а так жаңа жол жақын болар еді серпантин болмай не болмай,ан жағынан жақын істеп қойды енді мына жерді салмай жатыр қашан бітіреді білмейміз а мында машина көп жол тар. 

Құрылыстың тоқтау себебі мынада.Таулы аймақтағы бірталай жер бөлігі орман шаруашылығының иелігінде болған.Сондықтан құрылысшылар бөтен саланың қарамағындағы жер бөліктеріне техника кіргізіп, жол төсей алмады.Тапсырыс берушілер жерді мердгер компания иелігіне өткізіп беру керек еді.Алайда ол шаруа  ары-бері хат жазып жауап күтуден әрі аспаған.

Лариса Гречушникова, Алтай аудандық мәслихатының хатшысы :

- Біз қанша күт десе де күтуге дайынбыз,өңір жұрты да асыға тосып жүр.Осы аяқталып қойған  жол бөлігімен жүргеннің өзінде айырмашылықты сезіп жүрміз..Сапалы жол салынып бітсе,жолаушылар үшін жақсы болар еді. Ал туристік нысандар үшін тіпті үлкен қолайлылық.

Енді бұл жобаны жалғастыратын мердігер компания табылмай отыр. Өйткені техникасы сай,мамандары мықты мекеме болмаса,тау қопарып тас жарып жол салу оңай емес.Оның үстіне ең маңыздысы екі учаскеге бөлінген жолдың арасындағы ұзындығы 147 метр болатын көпір құрылысы тағы бар.

Олжас Ахметов, «Қазавтожол» ҰК ШҚО филиалы директорының м.а.:

- Ең маңызыдысы, мәселе Пихтовка өзені арқылы көпір, Оның жоба бойынша ұзақтығы салу 20 ай,сол пихтовка көпіріне,қалған жұмыстар сол көпірге байланысты. Биылғы жылы қалған жұмыстарға екі рет конкурс жарияланған болатын, бірінші ретінде конкурс болмады, өйткені бір де бір мердігер компания шыққан жоқ конкурсқа, екінші ретінде екі мердігерлік компания шыққан болатын, бірақ олар конкурстың талаптарына сай келмейді.Техникалық спецификаға, талаптарына сай келмеді, тәжірбилереі жетпеді.

Сонымен құны 16 миллиард теңге тұратын  жоба әзірге аяқсыз қалды. Айтпақшы бұл құн  осыдан 5 жыл бұрынғы бағамен есептелген. Сондықтан енді қайтадан есеп-қисап жасалады. Сол себепті келесі конкурс тек 2021 жылы өтеді. Яғни құрылыстың құны да мерзімі де өседі деген сөз.

Авторлары: Эльмира Ахметова, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы