429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда демалыс күндері карантин талабы күшейтіледі

  • 325
  • UPD: 23:45, 17.07.2020
Петропавлда демалыс күндері карантин талабы күшейтіледі

Петропавлда демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылады, хабарлайды «Хабар 24».

Аталған шектеу шаралары үш апта бойына жалғасатын болады. Яғни, сенбі-жексенбі күндері қала ішінде автобустар мүлдем қатынамайды. Облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес осындай шешім қабылданды. Себебі шаһарда уақыт өткен сайын эпидемиологиялық жағдай күрделеніп барады. Мамандардың айтуынша, қалада күніне 100-ге жуық адам коронавирус індетін жұқтырады екен. Осыған байланысты карантин талаптары күшейтіліп отыр. Мұнымен қоса, отбасылық жиындарды өткізуге де қатаң тыйым салынды.

Әсет Жұматаев, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

- Мониторингтік топтардың жұмысының нәтижесінде мынау қоғамдық көліктерде біздің қала тұрғындары бетпердені тағуы, және де қоғамдық арақашықтықты сақтау көп орындалмайды. Және де бізде жүргізушілердің көбі осындай. Және де өздеріңіз білесіздер, автокөліктер, адамдар көп қатынасады. Соған байланысты осы демалыс күндері осындай шектеулер қойылып отыр.

Хабар 24 телеарнасы