429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда көлік ұрлаушылардың кесірінен 120 үй көгілдір отынсыз қалды

  • 290
  • UPD: 14:00, 31.07.2020
Алматыда көлік ұрлаушылардың кесірінен 120 үй көгілдір отынсыз қалды

Оқиға 30 шілде күні таңертеңгі уақытта болған, хабарлайды «Хабар 24».

Оңай жолмен Honda Odyssey маркалы көлігін қолды қыламыз деп ойлаған арам пиғылды 4 азаматтың жоспары жүзеге асқан жоқ. Олар Райымбек даңғылы мен Мұратбаев көшесінің қиылысындағы газ құбырына соғылған соң көлікті тастап қашып кеткен. Көлік апаты болған жерге дереу жеткен полиция қызметкерлері, газ қызметін шақырып, сарапшылар апат салдарынан газ құбырын қалпына келтіруге кірісті. Ал, көлік ұрлаушылар алысқа қашып кете алмады.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ІІД ресми өкілі:

- Бұл қылмыс бүгін таңға жуық Түрксіб ауданында орын алды. Төрт белгісіз азамат Honda Odyssey маркалы көлікті айдап кетіп заңсыз иемденіп, арға бірнеше минут уақыт сала Райымбек даңғылы мен Мұратбаев көшелерінің қилысында орналасқн газ құбырына соғылды. Қазіргі таңда сезіктілердің барлығы ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Сот алды тергеу жүргізілу үстінде.

Хабар 24 телеарнасы