428,35 499,00 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: дәрігерлерге өтемақы беру үшін әрбір жағдай жеке зерттеледі

  • 254
  • UPD: 11:58, 03.08.2020
COVID-19: дәрігерлерге өтемақы беру үшін әрбір жағдай жеке зерттеледі

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлеріне өтемақы беру мәселесі туралы айтты.

«Медицина қызметкерлеріне өтемақы беретін кезде коронавирус пен пневмония статистикасы біріктірілгенге дейін анықталған адамдар одан сырт қалмай ма деген сұрақтар қойылып жатыр. Біз бұл бағытта жұмыс жүргізудеміз. Мәселені міндетті түрде зерттейміз, әрбір жағдай жеке талданады. Әріптестеріміз бұл мәселе бойынша алаңдамай-ақ қойсын», - деді министр ОКҚ брифингінде.

Хабар 24 телеарнасы