432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетау тұрғыны заңсыз алкоголь өнімін сатып келген

  • 216
  • UPD: 15:41, 07.08.2020
Көкшетау тұрғыны заңсыз алкоголь өнімін сатып келген

4 тамызда ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері алкоголь өнімін заңсыз сату әрекетінің жолын кесті.

Көкшетау қаласының тұрғыны 5 литрлік пластик ыдыстарға құйылған алкоголь өнімін Ақмола облысының аудандарына сатқаны белгілі болды.

Тексеріс барысында литрі 1400 теңгеге сатылған жалпы сомасы 1 120 000 теңгені құрайтын 800 литр спирт тәркіленіп алынды.

Тәркіленген алкоголь өнімдері тұлғаны әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін мемлекеттік кірістер органдарына берілді.

Хабар 24 телеарнасы