431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


2 млн 287 мыңнан астам қазақстандық 42500 теңге төлем алды

  • 249
  • UPD: 14:24, 11.08.2020
2 млн 287 мыңнан астам қазақстандық 42500 теңге төлем алды Костанайские новости

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2 млн 520 мың бірегей өтініш қабылданды, төлем мөлшері ең төменгі жалақыға – 42 500 теңгеге тең.

Төлемді 2 млн 287,9 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 271,1 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 0,5 ЕТЖ – 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда, деп хабарлайды ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметі.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше арналар арқылы қабылданады. 2 млн 520 мың өтінімнің ішінде:

– 835 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 646,2 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 386 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 652,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы өтініш берген.

Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 835 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 235,2 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 449,9 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Төлем 2 млн 300,7 мың адамға тағайындалды. Ақшалай қаражат 2 млн 287,9 мың қазақстандыққа аударылды.

Хабар 24 телеарнасы