432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада ауруханаларға пневмониямен түскен науқастар саны 7 есе азайды

  • 149
  • UPD: 15:46, 17.08.2020
Елордада ауруханаларға пневмониямен түскен науқастар саны 7 есе азайды

Нұр-Сұлтан қаласының стационарында коронавирус пен пневмониядан 343 адам емделуде, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

Елордада коронавирус пен пневмонияның төмендеуіне байланысты науқастарды емдейтін стационарлар босатылады. Ауруханаға жатқызылғандардың саны бір жарым айда 10 есе азайды.

«5 шілдеден бастап ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 4 мыңнан індеттің өршуі кезінде 343 адамға немесе 10 есе азайды. Тиісінше төсек қорының жүктемесі 99%-тен 17,2% дейін азайды. Стационарлардағы КВИ расталып, ауруханаға жатқызылған науқастар саны 2000-нан 137-ге дейін (14 есе) пневмониямен 1333-тен 198-ге дейін (7 есе) азайды», - деді елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов.

Пандемияның өршуі басылғанына байланысты КВИ-мен күресуге жұмылдырылған денсаулық сақтау объектілерінің саны қысқаруда. Осылайша, негізгі қызметін қайта бастаған алты денсаулық сақтау нысаны кезең-кезеңімен жабылды. Эпидемиологиялық жағдай өршісе, олардың жұмысы жедел қалпына келтіріледі. Қазіргі уақытта 10 стационар іске қосылған.

КВИ анықталған жүкті, босанатын және босанған әйелдерге уақтылы медициналық көмек көрсету үшін 18 маусымнан бастап 185 төсекке арналған №1 КҚА-да акушерлік блок жұмыс істейді.

COVID-19 ауруы туралы статистикаға келетін болсақ, бүгінде қалада инфекцияның 13 500-ден астам жағдайы тіркелген. 10 219 науқас (75%) жазылып шықты.

Хабар 24 телеарнасы