426,19 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда әлеуметтік тігін шеберханасы ашылды

  • 172
  • UPD: 21:54, 20.08.2020
Алматыда әлеуметтік тігін шеберханасы ашылды

Алматыда көпбалалы аналарға арналған әлеуметтік тігін шеберханасы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табыс табамын дейтін аналар енді тігін тігуге машықтанып, өз кәсібін ашуға үйренетін болды.  Бұл  жоба «Бақытты отбасы» орталығы мен «Іскер ана» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Жаңа ашылған  әлеуметтік шеберханада бүгін 15 ана өз жұмысын бастады. Олар ең алдымен бетперде  және медициналық қорғаныш құралдарын тігуді қолға алды. Аналардың бірі: «Ине ұстауға икемім бар» десе, бірі «енді үйреніп жүргендерін» айтты. Әлеуметтік шеберханада тігін тігудің, пішудің әдіс-тәсілдерін үйрететін ұстаз да бар. Шеберхананы бизнес-орталықтың иелері тегін беріп отыр. Ал басқа кәсіпкерлер қажетті құрал-жабдықтар мен маталарды алуға көмектескен. Сондықтан көпбалалы аналар үшін бұл шеберханада жұмыс істеу мен үйрену тегін. Олардың жұмыс кестесі де балаларының ыңғайына қарай қарастырылған. Жоба ұйымдастырушылары жыл соңына дейін жүздеген ананы шебер етіп шығаруға бел буып отыр.

Айнұр Бекжанова, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары:

– Цехтың негізгі мақсаты, өзіміздің аналарға тек қана тігін ісін  үйретіп қана қоймай, сол ісімен нарыққа шығу жолдарын үйрету. Маркетингтік  әдістерді қолдану және интернет арқылы сауда жасау жолдарын үйрету. «Бақытты отбасы» орталығы арқылы  барлығы айлық алып отыр. Одан бөлек, егер нарыққа шығарған тауарларына сұранысы артып жатқан күнде бонуспен қамтамасыз етіледі.

 

 

 

Хабар 24 телеарнасы