426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарлық мектеп оқушысы еліміздің үздік кубері атанды

  • 196
  • UPD: 18:19, 22.08.2020
Павлодарлық мектеп оқушысы еліміздің үздік кубері атанды

Павлодар қаласының 9-сынып оқушысы Дамир Жаңатаев рубиктің кубигін небары 8 секундтың ішінде жинайды, деп хабарлайды «Хабар 24»

Бүгінде бұл шеберлік бойынша оған тең келетін қарсылас жоқ. Бүгінгі күнге дейін жасөспірім 8 ұлттық рекорд орнатқан. Бұл – үздік көрсеткіштердің бірі. Дамир спид-кубинге 14 жасында қызығушылық танытқан. Сол сәттен бері кубик-рубик жинау бойынша өткен жарыстарға қатысып келеді. Қазіргі уақытқа дейін халықаралық дәрежедегі жарыстарда 36 медаль жеңіп алған. Олардың тоғызы алтын жүлде. Еліміздің үздік кубері кубикті жинаумен шектеліп қоймаған. Бүгінде павлодарлық оқушыларды жаттықтырып жүр. Оқушы жаратылыстану ғылымдары бойынша да жақсы нәтиже көрсетуде. Болашақта техникалық бағыттағы мамандықты игермек. Кубик-рубиктен басқа ребус, басқатырғыштар мен логикалық тапсырмаларға жаны құмар.

Дамир Жаңатаев, №24 мектеп оқушысы:

- Кубик жинауға қызықтым. Интернеттегі әдістерді меңгерім, үйрене бастадым. Алғашқы рет кубикті бір сағаттың ішінде жинадым. Сол сәтте бастапқы амалдарды игерген едім. Кейін барлық алгоритмдерді меңгеріп алдым. Осылайша, жинау уақытын 5-6 минутқа дейін азайттым. Дегенмен, бұл көрсеткіш көңілімнен шықпады. Жаттыға бердім. Кейін нәтижем 30 секундқа жетті.

Хабар 24 телеарнасы