2020 жылғы қаңтар-шілде айларында халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы шетелден жіберілген ақша көлемі 153,3 млрд теңгені құрады.
Төрт жыл бойы үздіксіз өсіп келе жатқан көрсеткіш бірден 24,5% төмендеген, деп хабарлады ranking.kz.
Ақша аударымдары жіберілетін елдердің ішінде Ресей дәстүрлі түрде бірінші орында тұрады. Алайда биыл Ресейден жіберілетін ақша аударымдарының көлемі шамамен 2 есе азайды, 83,6 млрд-тан 43,6 млрд теңгеге дейін.
Одан кейінгі орында Оңтүстік Корея тұр, бұл елден жіберілетін аударымдар көлемі де 19,7% төмендеп, 30,3 млрд теңгеге жетті.
Алдыңғы үштікке Қырғызстан кіреді: ақша аударымдарының көлемі 18 млрд теңге, дегенмен Қызғызстаннан жіберілген ақша 13,9 процент артқан.