427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда үйректерге қалқымалы үйшіктер жасалды

  • 205
Қарағандыда үйректерге қалқымалы үйшіктер жасалды

Қарағандының орталық саябағындағы көлде үйректерге арналып қалқымалы үйшіктер жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».  

Мамандар бұл бастама шағала ұшып, қаз қонған жағажайдың көркін аша түсеріне сенімді. Идея авторлары бұл ойды ашық ғаламтор беттерінен алғанын жасырмайды. Егер үйректер жаңа мекенді жатсынбай, жылы қабылдап жатса, үйшік санын арттыру жоспарда бар. Мамандар: «Қыста үйректер жылы жаққа кеткенде, үйшікті қоймаға қойып сақтап қоямыз», – дейді.

Талғат Смайылов, қалалық Мәдениет, демалыс саябақтары және гүлзарлар басқармасының бас инженері:

– Көктемде үйректер келгенде, мұнда ұя салуы мүмкін. Егер солай болып жатса, тағы да әшекейлеп қоятын боламыз. Халық тарапынан әртүрлі пікір естиміз. Біреулер мақтап, енді бірі келемеждеп жатыр. Халық болған соң алуан пікір болады ғой.

Хабар 24 телеарнасы