430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауы Баянауылға жетті

  • 188
  • UPD: 12:59, 01.10.2020
Құс тұмауы Баянауылға жетті

Павлодар облысында құс тұмауының тағы үш ошағы тіркелді. Үй құстарын баудай түсірген жұқпалы індет бұл жолы  Баянауыл,  Ақтоғай ауданының орталығынан және Железинка ауданының Озерный ауылынан табылды. Бүгінгі таңда облыс аумағында қауіпті  індеттің 7 ошағы анықталған. 

Бәке Тасыбаев, облыстық ветеринарлық бақылау  және  қадағалау комитетінің инспекциясы  басшысының орынбасары: 

- Карантин мерзімі қолданылғаннан кейін  барлық  құс ауылдағы тәркіленіп, олар жойылады. Жойылғаннан кейін ережеге сәйкес бұларға өтемақы төленеді. Өтемақыны біз орта есеппен алғанда статистика мәліметтеріне жүгінеміз. Қыркүйек айында статистикалық мәліметтер шыққаннан кейін бұларға толықтай республика тарапынан өтемақы төленетін болады.

Хабар 24 телеарнасы