429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каспий теңізінде әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті

  • 163
  • UPD: 17:38, 02.10.2020
Каспий теңізінде әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы өтті

Бас қолбасшы контр-адмирал Сәкен Бекжановтың басшылығымен батыс өңірде әскери-теңіз күштері бөлімдерімен командалық-штабтық оқу жаттығу аяқталды.

Теңіз полигондарының су айдынында қарулы қақтығыста жауынгерлік іс-қимылдар жүргізу үшін жағдай жасалды.

Оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындауға кемелердің тактикалық тобы теңізге шықты. Әскери теңізшілер шартты қарсыласты келтіру үшін су үсті әуе нысаналары корабльдік-жауынгерлік атыстарын орындады. Оқу-жаттығуға әскери авиация экипаждары тартылды.

Оқу-жаттығуда басқару органдары мен кеме командирлерінің дайындық деңгейін анықтауға, жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізу кезінде қатысушылардың тәжірибелік дағдылары мен өзара іс-қимылдарын пысықтауға мүмкіндік берді.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру, оқу-жаттығуға қатысушылардың жоғары моральдық-психологиялық жай-күйі мен жауынгерлік рухын көтереді.

Хабар 24 телеарнасы