428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы мәдени сала қызметкерлерінің айлығы 30% өседі

  • 227
Қарағанды облысындағы мәдени сала қызметкерлерінің айлығы 30% өседі

Келер жылдан бастап Қарағанды облысындағы мәдени сала қызметкерлерінің айлығы 30 процентке өседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бөлек, олардың әлеуметтік мәселесін шешу мақсатында жеңілдетілген ипотекалық несие арқылы баспана беру мәселесі де қаралмақ. Алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін 2021-2023 жылдарға арналған мәдениетті дамытудың жол картасы қабылданбақ. Бұл осы салада кадр тапшылығын жою мақсатында қолға алынған. Себебі соңғы 10 жылда мәдениет саласында жас мамандардың тапшылығы байқалады. Бұдан бөлек, қазірдің өзінде облыс бойынша бюджеттің әр тармағынан бөлінген 4 миллиард теңгеге жуық қаражатқа 96 мәдени нысан күрделі жөндеуден өткен. Бұл үрдіс келер жылы да жалғасады.

Еркебұлан Жұмакенов, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

– Біздің театр, концерттік бірлестіктерден бірнеше әртіс Астана, Алматыға, басқа қалаларға кетіп қалады. Осыны болдырмау үшін күрделі жұмыстар жүргіземіз. Мәдениет саласында құрамды жаңартып, жаңа мамандар шақырып, әртістер алдыру үшін баспана мәселесін шешеміз. Біздің басқарма басқаларымен, әкімдікпен бірлесіп осы мәселелерді шешуге тырысамыз. Біздің басқармаға берілген мерзім 1 ай, сол 1 айда алғашқы қортындылар шығарыла бастайды.

Хабар 24 телеарнасы