428,68 501,70 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сәуірден бері Қазақстанда 2 571 бала коронавирус жұқтырған

  • 151
  • UPD: 15:42, 09.10.2020
Сәуірден бері Қазақстанда 2 571 бала коронавирус жұқтырған

Сәуір айынан бері елімізде 2,5 мыңнан астам балада коронавирус анықталған.

Бүгінде кезекші сыныптарға барған 50 оқушы мен 3 бүлдіршін дәрігерлердің бақылауында. COVID-19 жұқтырған тағы 20 оқушы үйлерінде оқшауланған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Мамандардың айтуынша, коронавирус белгілері үлкен-кішіде бірдей білінеді. Дегенмен, ересектерге қарағанда балаларда бұл ауру жеңіл немесе орташа ауырлық деңгейінде өтеді. COVID-19 балаларда симптомсыз түрде болғанымен, аурудың салдары бірнеше аптадан кейін бір-ақ білінуі мүмкін. Инфекционист дәрігерлердің айтуынша, уақыт өте келе білінген коронавирустың салдары кавасаки синдромына ұқсас ауру. Оның басты белгілері: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және әлсіздік. Ал кей баланың денесінде бөртпе пайда болады.

Жанар Бөкенова, №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының инфекционист дәрігері:

– Бұл «кавасакиге ұқсас синдром» немесе «көпжүйелі қабыну синдромы» деп айтылады. Ол коронавирус жұқтырған балаларда немесе симптомсыз түрмен ауырғаннан кейін 4-5 аптадан кейін пайда болады. Салдарынан дене қызуы бес күннен артық көтеріліп, температура 38-40 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Бастың, тамақтың ауыруы, жөтел, буындардың сырқырауы, бұлшықеттердің ауыруы кейбір балаларда құсу және іш өтуі болуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы