428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда жеңгетайлықпен айналысқан монша әкімшісі ұсталды

  • 103
  • UPD: 15:33, 13.10.2020
Талдықорғанда жеңгетайлықпен айналысқан монша әкімшісі ұсталды polisia.kz

Талдықорғанда интимдік қызметтер көрсетуге жігіттерді ұсынатын жеңгетай ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

– Алматы облысының ПД Криминалдық полиция басқармасына облыс орталығының монша кешендерінің бірінде әкімшінің ақшалай сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін жігіттерді ұсынатыны туралы жедел ақпарат келіп түскен. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ақпарат расталды және криминалдық полиция қызметкерлері монша кешенінің әкімшісі болып жұмыс істейтін Талдықорған қаласының 33 жастағы тұрғынын ұстады, – делінген мәліметте.

Аталған дерек ҚР ҚК 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша тіркелді. Әкімшінің өз клиенттеріне жігіттердің телефон нөмірлерін тікелей бергені анықталды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Хабар 24 телеарнасы