429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауылдық жерлерді дамыту мәселесі Парламенттік тыңдауда қаралады

  • 65
  • UPD: 21:18, 13.10.2020

Бұл туралы бүгін Ақмола облысының Шортанды ауданына барған Сенат депутаттары айтты.

Елді мекендердің тыныс-тіршілігі, әлеуметтік саласы, инфрақұрылымы халық қалаулыларының назарынан тыс қалмады. Олар балалабақша, дәрігерлік амбулатория және шаруа қожалықтарының жұмысымен танысты. Ауылдың егін, мал және өзге де шаруашылығына қажетті мамандар туралы білді. Елді мекендердегі білім мен медицина саласын тұрақты дамыту маңызды мәселелердің қатарында дейді депутаттар.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Елбасының жақсы бағдарламасы бар «Дипломмен ауылға» деген. Біраз жастар келіп жатыр. Бірақ сонда да жағдай жасалмайды. Мысалы, біздің сараптамамыз бойынша 100 ветеринар жоғарғы оқу орнын бітеретін болса, соның тек 25-і ғана ауылға көшу үшін тиісті жәрдемақы алады. Тек 4 проценті тұрғын үйге ие болады. Сондықтан біз ауылдық мекендерге үй салып, жағдай жасамасақ, жастар келмейді.

Хабар 24 телеарнасы