423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сағынтаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыруға қатысты пікір білдірді

  • 222
  • UPD: 09:54, 21.10.2020
Сағынтаев Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыруға қатысты пікір білдірді

Алматыдағы ЖЭО-2-ні газдандыру туралы шешім қабылданды.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев instagram парақшасында мәлімдеді.

«Қолданыстағы қазандық агрегаттарын қайта құру арқылы қоршаған ортаға күкірт тотығы мен күлдің бөлінуіне жол берілмейді. Ауаға бөлінетін азот тотығы мен көмірқышқыл газының мөлшері де едәуір азаяды», - деді.

Жоспар бойынша жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады.

Кеше Үкіметте Алматы ЖЭО-2-ні газдандыру жобасы мақұлданған болатын.

Хабар 24 телеарнасы