422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Көкшетауға сырттан келетіндердің ПТР анықтамасы болуы тиіс

  • 110
  • UPD: 10:10, 11.11.2020
Көкшетауға сырттан келетіндердің ПТР анықтамасы болуы тиіс

Енді Көкшетауға да сырттан келетін азаматтар ПТР анықтамасымен ғана кіре алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың бас санитар дәрігері карантин талаптарын күшейту жайлы жаңа қаулы шығарды. Естеріңізде болса, 7 қарашадан бастап облыс орталығының айналысына санитарлық бекеттер қойылып, қалаға кірген адамдардың қызуы өлшеніп келген болатын. Енді 13 қарашадан бастап өзге облыс тұрғындарының ПТР анықтамасы да тексеріледі. Жаңа қаулыға сай көкшетаулықтардың қала ішінде кешкі 21:00-ден таңғы 6:00-ге дейін жүріп-тұруына шектеу қойылды. Ал аумағы 500 шаршы метрден асатын сауда орындары демалыс күндері жұмыс істемейді. Бұған дейін сенбі-жексенбі ірі бизнес нысандары ғана жабылып келген еді.

Айнагүл Мусина, облыстың бас санитар дәрігері:

– Көкшетаудан басқа елді мекендерде адамдардың жүріп-тұруына 23:00-ден 6:00 арасында шектеледі. Ал жасы 65-тен астам кісілерге сыртқа себепсіз шығуға болмайды. Сондай-ақ көпшілік іс-шараларын өткізуге салынған тыйым сақталады.

Хабар 24 телеарнасы