424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Францияда мұғалімдер жалпыұлттық ереуілге шықты

  • 86
  • UPD: 13:37, 11.11.2020
Францияда мұғалімдер жалпыұлттық ереуілге шықты

Осы Францияда мұғалімдер жалпыұлттық ереуіл ұйымдастырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олар мектептерде санитарлық шараларды күшейтуді талап етіп отыр. Локдаунға қарамастан, елдегі ірі қалалардың көбінде наразылық шерулері өтті.

Бой көтеруге ұстаздар мен оқушылар арасында коронавирусты жұқтырудың жиілеп кетуі себеп. Қазіргі ережелер бойынша жасы алтыдан асқан балалар маска тағып жүруі тиіс. Мектептердегі бөлмелерді мұқият тазартып, күніне бірнеше рет желдетіп тұрады. Алайда мұғалімдердің пікірінше, бұл шаралар жеткіліксіз. Осы аптадан бастап жоғары сынып оқушыларына жаңа кесте енгізіледі. Жарты апта мектепте, ал қалған уақытын үйлерінде қашықтан оқитын болды. Ұстаздар оқушылардың барлығын осы жүйеге ауыстыруды талап етіп отыр. Билік өкілдері мектеп қызметкерлерін тестілеуді күшейтуге уәде берсе де, оқу кестесін өзгерткісі келмейді.

Софи, мектеп өкілі:

– Біздің сөзімізге құлақ аспайды. Қауіпті жағдайда жұмыс істегіміз келмейді. Бұл біздің ғана емес, оқушылар мен олардың туыстарының да қауіпсіздігіне қатерлі.

Хабар 24 телеарнасы