422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жетісуда 10 жыл бұрын басталған су құбырын тарту жұмыстары әлі аяқталмаған

  • 97
  • UPD: 13:33, 12.11.2020
Жетісуда 10 жыл бұрын басталған су құбырын тарту жұмыстары әлі аяқталмаған

Алматы облысы Ақсу ауданындағы Арасан ауылына су құбырын тарту 10 жыл бұрын басталған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда межелеген уақытта жұмыс аяқталмаған. Сол кезде бюджеттен бөлінген қаржы желге ұшқан. Былтыр тағы 106 млн теңге бөлініп, ауылішілік құбыр жүргізу жұмыстары басталды. Сапалы суды сарыла күткен тұрғындар құдықтың суын ішіп отыр. Ауылда бұдан басқа да әлеуметтік мәселе көп. Көшеде жарық жоқ. Жол сапасы да сын көтермейді.

Асхат Қожайбеков, ауыл тұрғыны:

– Кеңес үкіметі құлағалы ауыз су жоқ. Бәріміз құдық қазып алғанбыз үй үйімізден, содан су ішіп отырмыз. Естуімізше, биыл көктемде қазған. Қай уақытта болатыны белгісіз. Биыл бітпейді деп естідік.

Роза Ғалымжанова, Арасан ауылдық округінің әкімі:

– Келесі жылдың қараша айында бітіріп, қосып беруі керек.

Хабар 24 телеарнасы