422.87 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында апатты жағдайдағы су торабын жөндеу жұмыстары басталды

  • 97
  • UPD: 13:42, 12.11.2020
Қызылорда облысында апатты жағдайдағы су торабын жөндеу жұмыстары басталды

Апатты жағдайда тұрған Қызылорда су торабын жөндеу жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемде құмшауыт жерге салынған мұндай гидронысан санаулы ғана. Соның бірі 1956 жылы Сырдария өзенінің арнасына қойылған. Оның негізгі мақсаты – өзен бойындағы су ағынын реттеу және 110 мың гектар инженерлік жоспарланған егін алқабы мен 250 мың гектар шабындық, жайылымды суармалы сумен қамту. Осыдан 5 жыл бұрын отандық және халықаралық сарапшы мамандардан құрылған арнайы комиссия нысанның беріктігі сыр бере бастағанын анықтаған. Содан бері көліктің барлық түрінің бөгет үстімен өтуіне тыйым салынды. Мамандар егер Қызылорда суторабы бұзылса, 38 елді мекенді топан су басып, 400 мың тұрғынның тіршілігіне қатер төнеді дегенді алға тартады.

Хамит Бейімбетов, «Қазсушар» РМК филиалының директоры:

– Бұл 2 млрд 611 млн сомма 3 жылға арналған. Осы жылдың аяғына дейін жұмысқа 481 млн соммасы тұр. Қазіргі таңда сол жақ магистральді каналды күрделі жөндеу жұмыстары басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы