424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті

  • 83
  • UPD: 15:41, 12.11.2020
Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті

Алтай Көлгінов Беларусь елшісі Павел Утюпинмен кездесті.

Қос тарап өнеркәсіп саласындағы мәселелерді талқылады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі инстаграм парақшасында жазды, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтанда коммуналдық және ауыл шаруашылығы техникасын, лифтілерді жинау бойынша бірлескен кәсіпорындардың ашылуы, өнеркәсіп салаларын одан әрі дамыту және тауар айналымын арттыру Беларусь Республикасының ҚР-дағы Төтенше және өкілетті елшісі Павел Утюпинмен талқыланды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес кездесуде өнеркәсіптік кооперацияны күшейтуге – бірлескен кәсіпорындар мен жаңа тұрақты жұмыс орындарын құруға назар аударылды. Сонымен қатар, сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық талқыланды. Түрлі бағыттар бойынша айтылған мәселелер қарастырылды», - деп жазды Алтай Көлгінов.

Хабар 24 телеарнасы