420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҚО-да эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз

  • 107
  • UPD: 11:15, 24.11.2020

Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралу қаупі жағынан сары аймаққа енді.

Еркебұлан Смадияров, тілші:

- Біздің облыс сары аймақтар тізіміне кіргенімен, арқаны кеңге салуға әлі ерте. Мамандар осылай дейді. Қазір Оралдағы қоғамдық көліктерде санитарлық талаптар сақталады деу қиын. 35 бағытта жүретін 400-ден астам автобус бар. Алайда шектеу шараларына сәйкес, техникалар жүзге дейін қысқартылған. Жолаушылар автобустағы орын санынан аспауы тиіс болғанымен, мұны елеп-ескеріп жатқан ешкім жоқ. Бұған қоса, кейбірі медициналық бетперде тақпайтынын байқадық.

Өткен аптада мониторингтік топ автобустарға рейд жүргізді. Алайда мамандар ешқандай олқылық анықталмағанын айтады. Ал кәсіпкерлік нысандарының жұмысы мен түнгі көлік қозғалысына қатысты тәртіп бұзушылық көбейген.

Саягүл Насырова, тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасын және қауіпсіздігін бд бөлім басшысы:

– Мониторингтік топ 790 рейдтік шараға шығып, 6729 нысанға барды. Нәтижесінде әкімшілік құқықбұзушылық Кодексі бойынша 145 хатта толтырылды. Көпшілік іс-шаралар бойынша 59 дерек тіркелді. Маска режимінің сақталмауына қатысты 45, түнгі көлік қозғалысына қатысты 29 дерек анықталды. Сонымен қатар, кәсіпкерлік нысандарының кейбірі жұмыс кестесін сақтамаған.

Облыста 8 мыңға жуық адам қатерлі індеттің ілмегіне іліккен. Соның ішінде қараша айында сырқаттанғандар саны 700-ден асады. 2 апта бұрын күшейтілген карантин режимі дәл бүгіннен бастап қайта жеңілдетілді. Санитар мамандар тұрғындарды бейқамдыққа салынбай, сақтанып жүруге шақырады.

Хабар 24 телеарнасы