424,44 504.55 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жамбыл облысындағы COVID-19 қарсы вакцина шығаратын зауыт қашан іске қосылады?

  • 300
Жамбыл облысындағы COVID-19 қарсы вакцина шығаратын зауыт қашан іске қосылады?

Жамбыл облысында коронавирусқа қарсы вакцина шығаратын зауыт келер жылдың бірінші тоқсанында іске қосылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұнда жылына 30-дан 60 миллион дозаға дейін биопрепарат өндіру жоспарланып отыр. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынып жатқан өндіріс орнының құрылыс-монтаждау жұмыстары биыл жыл соңына дейін аяқталады. Өндіріс орнында қазір барлық инженерлік коммуникациялары жүргізілген. Жұмысқа 145 адам және 30 бірлік техника жұмылдырылып, құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Мұнда әлемдік стандарттарға сай түрлі инфекцияға қарсы вакциналар шығарылатын болады. Отандық бірегей зауыттың құрылыс барысымен өңірге барған премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов танысты. Үкіметтік делегация Қордай ауданы Масаншы ауылының тұрғындармен кездесті. Интернет, ауыз су, газ, сияқты маңызды мәселелер шешілген елді мекендерде болып, бірқатар әлеуметтік нысанды көріп шықты. Сондай-ақ Үкімет өкілдері аймақтың коронавирустың екінші толқынына дайындығын тексерді. Медицина мекемелерінің жұмысымен танысып, дәрігерлерге жедел жәрдем көліктерінің кілтін табыс етті.

Венера Балқыбекова, облыстық жедел жәрдем станциясының бас дәрігері:

– Бізде автокөліктердің 48,8% тозығы жеткен. Барлығы – 65 көлік. Қазір 52 көлік келді. Енді 13 жедел жәрдем көлігін желтоқсан айына дейін күтіп отырмыз.

Ералы Тоғжанов, ҚР премьер-министрінің орынбасары:

– Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бірнеше бағытта оның ішінде стационарды арнайы қамтамасыз етуге байланысты екі айлық бүгінде запас бүгінде толықтай қамтамасыз етілген. Сонымен қатар мына 5 дәрінің түрімен әрбір үйге керек жағдайда арнайы мобильді топтармен шығу арқылы азаматтарымыз дәріханаларға шығып жүрмес үшін мүмкіндік жасап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы