419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадағы белгілі нысандарға қызғылт-сары жарық қойылады

  • 103
  • UPD: 17:45, 25.11.2020
Елордадағы белгілі нысандарға қызғылт-сары жарық қойылады Елорда әкімдігі

Бүгін сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін Нұр-Сұлтандағы маңызды нысандар қызғылт-сары жарықпен жарықтандырылады.

Әкімдікте өткен брифинг барысында бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы, әкімнің бас инспекторы Мөлдір Бөлебаева айтып берді. Бұл акция гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы ынтымақтастық белгісі ретінде өткізіледі.

Бұған дейін хабарланғандай, «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» әлеуметтік акциясы – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні. Яғни 25 қарашада басталатын және 10 желтоқсан – Адам құқықтары күніне дейін жалғасатын жыл сайынғы халықаралық науқан.

Бұл күнді 1999 жылы БҰҰ Бас ассамблеясы ресми түрде жариялады және атаулы күн әлемнің 100-ден астам елінде қолдау тапқан.

Қазақстан астанасында да осы акция аясында бірқатар іс-шара өтеді.

Хабар 24 телеарнасы