420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жоғалып кеткен 12 жасар шымкенттік қыз Тараздан табылды

  • 237
  • UPD: 12:46, 30.11.2020
Жоғалып кеткен 12 жасар шымкенттік қыз Тараздан табылды

Шымкенттік полицейлер қала аумағында жоғалған 12 жастағы қызды Тараздан тапты, деп хабарлады Polisia.kz.

26 қараша күні «102» нөміріне жергілікті азаматша хабарласып, бір күн бұрын жасөспірім қызының жоғалғанын айтып, көмек сұраған. Аталған жайт бойынша Шымкент қаласы Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері шұғыл іздеу шараларына кіріседі.

Көп балалы отбасыдан шыққан оқушы сол күні «Алаш» базарына барып, қайта үйіне оралмаған. Тәртіп сақшылары қызды Шымкент – Алматы бағытындағы жолаушылар көлігінде кетіп бара жатқан сәтінде Тараз қаласынан тапқан. Абай ауданы Полиция басқармасының жедел уәкілі Орынбек Өмірзақ анасы мен қызын аман-есен қауыштырып, Шымкент қаласына жеткізді. Қазір жасөспіріммен психолог профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Хабар 24 телеарнасы