430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қапшағайда 50 отбасы баспаналы болды

  • 191
  • UPD: 21:38, 01.12.2020

Бүгін Қапшағай қаласында тұратын 50 отбасы мерекені жаңа пәтерлерінде қарсы алды.

Биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша қалада 4 көпқабатты үй салынған.Олар көпбалалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетімдерге берілді.

Көпбалалы ана Венера Иманбекованың қуанышында шек жоқ. Көп жылдан бері ұл-қыздарымен қалада пәтер жалдам тұрып келген.Үй кезегінде тұрғанына біраз жыл болыпты. Биыл баспаналы болсам деген арманы орындалды. Пәтер кілтін салнататты жағдайда тапсыру рәсіміне туған-туыстары мен ет жақындары жиналды. Жалпы бұл үйге 50 отбасы қоныстанды.

Венера Өтегенова, Қапшағай қаласының тұрғыны:

– Міне, неше жылдық арманымызға қол жеткізіп жатырмыз. Мерекеге орай үлкен сыйлық жасап жатыр бізге. Бәріне алғысым шексіз. Барлықтарыңыздың отбасыларыңызға бақ береке берсін. Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын.

Биыл қаладағы Қапшағай жылу қазандығын технологиялық жаңарту жұмысы толық аяқталды. 1969 жылы салынған қазандықта мазут жағылып, қаланы жылумен қамтамасыз ететін. Енді қайта жарақтандырылған жылу орталығы көпқабатты пәтерлер, әкімшілік және әлеуметтік нысандардың барлығын қысы жазы ыстық сумен қамтамасыз етуде. Бұған қазандықты газға ауыстыру арқылы қол жетті. Нәтижесінде 1 млрд теңге қаржы үнемделеді. Ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарлама бойынша іске асқан жоба аясында жаңа жұмыс орындары ашылады.    

Нұрлан Құматаев, Қапшағай қаласының әкімі:

– Газға өткеннен кейін мұның бағасы арзандайды. Неге десеңіз, газдың құны қазіргі таңда келісімшартпен 30 теңгеде. Сондықтан біз жылыту маусымына 1 млрд төңірегінде қаражат жұмсалатын болады. Екінші жағынан қаражат үнемдейді, үшінші жағынан қысы-жазы халықа ыстық су беріп отырады.

Әзірге, қаладағы көпқабатты үйлердің 20 пайызы газбен жылытылады. Ал оны 100 пайызға жеткізу келесі жылдың аяғына дейін толық шешіледі

Авторлары: Алмас Садуақас, Эдуарад Кон

Хабар 24 телеарнасы