419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шығыс Қазақстанда «Кітап оқитын мектеп» жобасы бастау алды

  • 163
  • UPD: 23:03, 01.12.2020

 

Осылайша кенді өлкеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай жас өрендерді кітап оқуға баулу, сауаттылықты арттыруға орай шаралар легі рет-ретімен өтетін болады.

Бұл тұрғыда ең алдымен кітапханашылардың мәртебесін көтеру мәселесі қолға алынады. Сонымен қатар кітапхананы цифрландырып, ең бастысы ондағы қорды жыл сайын 20 процентке жаңарту көзделіп отыр. 

Сандық дәуір көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатса да дәстүрлі кітапхананың маңыздылығы жойылмайды. Шығыс Қазақстанда мектеп және колледж кітапханаларының саны жалпы 700-ден асады. Онда 10 мыңнан аса кітап қоры бар. Алайда соның көбі – оқулықтар. Енді осы олқылық оңалады. Сөйтіп оқушылардың да, ата-аналардың да кітап оқуға деген құмарлығын оятуға ден қойылады.

Сайрангүл Жұмаділова, білім басқармасының басшысы:

– Бұл жобаның басты мақсаты – оқушылар мен ата-аналар арасында кітап оқуға құмарлықты арттыру. Сонымен қатар осы жоба аясында барлық мектеп кітапханаларын әдеби көркем кітаптармен толықтыру. Оның ішінде шетел әдебиеттерімен толықтыру мақсаты бар.

Таврия ауылындағы мектеп кітапханашысы Наталья Андрееваны кітапхана жүйесіне байланысты бұл жаңалықтар қатты қуантты. Өйткені өз мамандығының статусы жоғарыласа, бұл рухани да материалдық да өсімге жетелейді. Қазір мұндағы кітапхананы цифрландыру қарқынды жүріп жатыр.

Наталья Андреева, кітапханашы:

– Біз кітап оқитын мектеп жобасына белсенді қатысып жатырмыз. Кітап қорын жаңалаудамыз. Сондай ақ QR-код арқылы сирек кездесетін әдебиеттерді қолжетімді етіп отырмыз. Оқушылар да, мұғалімдер де емін-еркін қолдана алады.

Осылайша тавриялық кітапқұмарларға ескі әдеби туындылар мен деректер табу аса қиын емес. Елбасының балалық шағынан бастап көреген көшбасшыға айналған жолына дейінгі мәліметтер де молынан. Ұжым «Буккроссинг», яғни өзара кітап алмасу акциясына да белсене қатысады.

Авторлары: Эльмира.Ахметова, Жігер Бабаханов

Хабар 24 телеарнасы