427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да тағы бір ауыл мектебі қашықтан оқуға көшті

  • 199
  • UPD: 14:54, 09.12.2020
СҚО-да тағы бір ауыл мектебі қашықтан оқуға көшті

СҚО-да тағы бір мектеп қашықтан оқуға көшті.

Қызылжар ауданына қарасты Архангельское ауылындағы білім ошағында 2, 3, 4 және 5- сынып оқушысы және бір мұғалімнен коронавирус инфекциясы анықталды.

Осыған байланысты барлық сынып үшін оқу  бүгіннен бастап онлайн форматқа ауыстырылды. Ұстаздардың да білім ошағына келуіне шектеу қойылып отыр. Қазір елді мекендегі эпидемиологиялық жағдай мамандардың қатаң бақылауында. Егер ауру жұқтырғандар саны артса, мектеп карантинге жабылуы ықтимал. Ал қауіпті індетке шалдыққандардың жағдайы жақсы. Олар үйлерінде оқшауланған. Айта кетейік, облыс әлі қызыл аймақта.

Сергей Гренадёров, Архангельское орта мектебінің директоры:

– Ауыл тұрғындары мен оқушылардан індет көптен анықталған соң, дүйсенбі күні аудандық әкімдікте осындай шешім қабылданды. 122 баланың барлығы қазір үйлерінде. Онлайн оқу үшін оқушылар қажетті компьютер, планшет сынды құрылғылармен қамтамасыз етілді. Болашақта санитарлық-эпидемиологиялық ахуал тұрақталса, қайтадан штаттық режимде оқитын боламыз.

Хабар 24 телеарнасы