419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында 100 орындық перзентхана ашылды

  • 163
  • UPD: 14:51, 16.12.2020

Алматы облысы Жамбыл ауданында былтыр 4 мың 600 сәби дүние есігін ашқан. Биыл туу көрсеткіші бес мыңға жуықтады. Осы ретте перзентхана тапшылығы байқалатын. Жыл соңында бұл олқылықтың орны толды. Ұзынағаш ауылында жаңа перзентхана ашылды. Ал Қасымбек ауылында білім ордасы пайдалануға берілді.

Жамбыл ауданының орталығы - Ұзынағашта жаңа перзентхананың ашылуы елеулі оқиға. Өйткені бұған дейін 200 мыңға жуық халқы бар ауданда 55 орындық бір ғана перинаталдық орталық жұмыс істеген. Жас маман Айдана Рысбекқызы биыл жоғарғы оқу орнын тәмамдап, аудандық орталық ауруханаға акушер-гинеколог болып жұмысқа орналасты. Перзентхана жанында тәулігіне 100 адамды қабылдайтын әйелдер консультациясы бар.  

Айдана Жылысбек, жас маман:

- Халықтың саны өскендіктен ауданға осындай үлкен  перзентхана міндетті түрде керек. Бізде халық саны көп. Менің участкамда 300 ден астам жүкті әйелдер бар. Ол жүкті әйелдің саны ғана. Өзім қуаныштымын оқуды аяқтап келіп. Мен қалай келдім жұмысқа осы роддом ашылды.

Перзентхананың салтанатты ашылу рәсіміне Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты. Былтыр Жамбыл ауданында 4600 сәби дүние есігін ашса, биыл туу көрсеткіші 5 мыңға жуықтады. Перзентхана соңғы медициналық құралдармен жабдықталған. Мұнда фитотерапия аппараты, өкпені оттегімен қамтамасыз ететін қондырғы, шала туған балалардың жетілуіне жәрдемдесетін камералар бар. Дәліздеріне оттегі жеткізетін мыс құбырлар тартылған. Ғимарат іші  антибактериалды тазартқыштармен жабдықталған климаттық және желдеткіш құралдарға қосылған.

«Осының барлығы ана мен сәбиге сапалы медициналық қызмет көрсету үшін жасалған» дейді дәрігерлер.    

Бақытгүл Талғатқызы, перзентхана меңгерушісі:

- Медициналық құрал-жабдықтар толығымен жетіп жатыр. Сондықтан жаңа жұмыс орындары ашылады да. Бұдан әрі қарай кеңейеді. Өйткені халық саны өсіп жатыр. Халық саны өскеннен кейін біздің перзентханамыз да кеңейеді. Соған байланысты біз қосымша медициналық қызметкер тағыда аламыз.

Ал Қасымбек ауылында былтыр басталған жаңа мектеп құрылысы толық аяқталды. Қазір мектепте тек кезекші сыныптарға ғана сабақ өтіп жатыр. Ауыл тұрғындары карантиндік шектеу шаралары тезірек аяқталып, ұл-қыздарымыз сыры кеппеген мектеп сыныптарына тезірек барса» деген тілектерін айтады. Білім шаңырағындағы әр сынып қажетті оқу құралдарымен жабдықталған. Қыздарға тігін үйрететін еңбек сыныбы да бар.   

Сәуле Ағыбаева, Қасымбек ауылдық орта мектебінің құрметті ұстазы:

- Осы жаңа мектепті армандадық. Қаншама еліміздің басындағы қиыншылықты бәрін бірге өткіздік. Ол кезде арман-қиялға да орын жоқ еді. Міне осы керемет, ғажайып мектеп. Ішінде заманауи техникасымен жабдықталған. Қандай керемет ғимарат. Енді мұның өзі үлкен қамқорлық.

Қасымбек орта мектебінде 100-ден астам мұғалім жұмыс істейді. Жыл сайын бірінші сыныптың табалдырығын аттайтын бала саны да ұлғайып келеді.

Авторлар: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы