423,42 511.30 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордадан бір тәулікте 25 мың текше метрден астам қар шығарылды

  • 96
  • UPD: 20:35, 29.12.2020
Елордадан бір тәулікте 25 мың текше метрден астам қар шығарылды

Елордада қар жауып, жолдарда көктайғақ пайда болды. Салдарынан көлік кептелісі көбейді. Соңғы тәулікте қаладан 25 мың текше метр қар шығарылған. Екі мыңнан астам жұмысшы мен мыңға жуық техника жолдарды қардан тазалаған. 400 арнайы техника мен 39 адам түні бойы жұмыс істепті, деп хабарлады «Хабар 24».

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ең алдымен көлік көп жүретін жерлер, көпірлер мен тоннельдер тазартылды. Қаладан шығарылатын қар 11 қоқыс полигонына жеткізіледі. Шаһар билігі «көшелерді тазалап жатырмыз» дегенімен жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің шағымы көп.

- Көктайғақ болмауы үшін, құм немесе тұз себу керек сияқты. Әйтпесе жүру қиын. Тайғанақтап жүрміз. Жаңа ғана осы маңда бір жол апаты болды. Бүгін жол апаты көп болған.

- Пробка болып, жер тайғақ, машиналар жүре алмайды. Мереке күндері жақындағасын жүріс көп. Бір-біріне асығып, бір-біріне сыйлық істеп.

- Күн біресе жылып, біресе аяз болған соң көктайғақ болды әрине. Көктайғақ салдарынан көлік кептелісі де пайда болды. Сондықтан көліктер арақашықтықты сақтап жүргені дұрыс.

Көктайғақ кесірінен бір тәулікте 100-ден астам жол апаты тіркелді. Тәуелсіздік даңғылы бойында жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысқан. Салдарынан қоғамдық көлік бағанаға соғылды. Жол көлік апаты кезінде 6 жолаушы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы