423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елорда төріне экошырша орнатылды

  • 129
  • UPD: 14:27, 29.12.2020
Елорда төріне экошырша орнатылды

Нұр-Сұлтан қаласында бір топ әйел адам «Бәйтерек» монументінің алдына жиналып, арнайы акция өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың арасында көп балалы аналар да бар. Нәзік жандылар қала тұрғындарына жаңа жыл қарсаңында ерекше шырша сыйға тартып отыр. Тоқыма үлгісімен жасалған шыршаға шамамен 70 мың метр жіп жұмсалған. Науқанның танымалдығы артқаны сонша, оған елден ғана емес, Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, тіпті Африка елдерінің бірінен де қолдаушылар табылыпты. Арт-нысан қала тұрғындарының да көңілінен шығып отыр. Жобаны жүзеге асыруға атсалысқандардың ең жасы 3 жастағы балабақша тәрбиеленушісі болса, ең үлкен 82 жастағы ақтөбелік әже.

Блиц 1:

- Өте тамаша, ұнады. Ұлттық нақышта. Қаламызда осындай шыршалар көбейе берсе екен.

Блиц 2:

- Ормандағы шыршаларды шауып алмай, қолдан жасағаны қатты қуантты. Бағана үйде отырып теледидардан көріп қалдым да, суретке түсуге келдім. Маған қатты ұнады.

Хабар 24 телеарнасы