389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда дүкен отқа оранып, адамдар зардап шекті

  • 437
Алматыда дүкен отқа оранып, адамдар зардап шекті

Бүгін сағат таңғы 10-дар шамасында Алматы қаласы ТЖД бөлімшесіне Алмалы ауданындағы дүкеннің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер жіберілді. Ол уақытта дүкеннің шатыры отқа оранып, қызыл жалынның жақын маңдағы тұрғын үйге таралу қауіпі төнген. Өрт сөндірушілер тобы шарпыған алауды дереу ауыздықтап, 4 газ баллонын эвакуациялады. Жалпы өрттің аумағы 30 шаршы метрді құрады.

Соңғы мәліметтер бойынша зардап шеккендер бар. Яғни 2 адамды күйік шалған. Өрттің себебі газ баллонын ауыстыру кезінде ұшқынның пайда болуы мүмкін деген болжам бар.

Хабар 24 телеарнасы