374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда менингококк инфекциясын жұқтырған 2 адам ауруханаға түсті

  • 357
  • UPD: 15:51, 18.06.2018

Талдықорғанда менингококк инфекциясын жұқтырған екі адам жұқпалы аурулар ауруханасына түсті.

Қазір олармен тығыз қарым-қатынаста болғандар тексеріліп жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, науқастардың жағдайы өте ауыр. Екеуінің де ораза ұстап, айт намазына қатысқаны белгілі болды. Жалпы Алматы облысы бойынша осы уақытқа дейін 8 минингококк инфекциясын жұқтыру дерегі тіркелсе, соның үшеуі кісі өліміммен аяқталған.

Ерғали Сыдыманов,  облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы:

- Енді жаңағы екі аурудың біреуі сіздердің коллегаларыңыз. «Жетісу» телекомпаниясының қызметкері болып жұмыс істейді екен. Дәрігерлер тиісті жұмыстардың бәрін атқарып жатыр, дұрыс болады деп сенеміз. 

Бауыржан Сауранбаев, қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры:

- «Менингококтық инфекция, инфекционно-токсический шок» деген диагноз қойылып, алгоритм бойынша тиісті ем-шаралар жүргізіліп жатыр. Қазір жағдайы ауыр. 8-9 сағаттан кейін кішкене оң өзгерістер пайда бола бастады.

Осы категория бойынша: « Алматының Алмалы ауданында көп қабатты үй өртенді Атырауда көлік адамдар толы аялдамаға соғылды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы