364,95 419.00 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы кен орнында оқыс оқиға болды

  • 533
  • UPD: 11:38, 25.08.2018
ШҚО-дағы кен орнында оқыс оқиға болды

24 тамыз күні Риддер тау-кен байыту комбинатына қарасты Тишинск кенішінде топырақ опырылған.

Соның салдарынан 15 метрге созылып жатқан тау-кен қазбасы ойылып, сол маңда жұмыс істеп жүрген тиеу-жеткізу көлігінің машинисімен байланыс үзілген. Бұл туралы кен орнына жауапты мекеме өкілдері айтты. Қазір кеніш жетекшілері мен жұмысшылары іздеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Апаттық құтқару қызметі жетіп, жедел штаб құрылды. Мамандардың айтуынша, машинист техникамен бірге қопарылған жерге түсіп кеткен. Жауапты компания өкілдері бұл жағдай туралы әлі ақпарат толық жарияланатынын жеткізді. Айта кетейік, аталған кеніш Риддер қаласынан 15 шақырым жерде орналасқан.

Осы категория бойынша: « Астанаға Жамбыл облысынан әкелінген қарбыздан зиянды жәндік табылды Атырау облысының аумағына зымыран қалдықтары құлады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы