374,05 425.15 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қостанай-Арқалық бағытындағы жолаушылар пойызы тракторға соғылды

  • 225
  • UPD: 13:30, 06.09.2018

Қостанай-Арқалық бағытындағы жолаушылар пойызы астық тиеген трактордың тіркемесіне соғылды.

Төтенше жағдай Притобольская Апановка өткелінің 178-шақырымында болған. «Жұмысында ақау пайда болған трактор тіркемесі рельстің үстінде қалып қойған. Өткел кезекшісі нұсқаулыққа сәйкес, дереу шаралар қабылдау үшін Притобольская стансасының кезекшісіне хабар берген. Алайда уақыттың аздығынан және тіркемедегі ақауларға байланысты жүк көлігін пойыз келгенге дейін теміржолдан алып тастау мүмкін болмады. Жүргізуші пойызды шұғыл тоқтаған, алайда арадағы қашықтық тым қысқа болғандықтан, соққының алдын алу мүмкін болмады. Атап өтейік, оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.

Осы категория бойынша: « Теміртауда жүріп келе жатқан автобустан өрт шықты Ақтөбеде есірткі сатқандар сот алдында жауап берді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы