367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодарда сыған әйел 92 жастағы кейуананы тонап кетті

  • 286
  • UPD: 16:33, 07.09.2018
Павлодарда сыған әйел 92 жастағы кейуананы тонап кетті pavlodarnews.kz

Павлодарда әйел қарияның сеніміне кіріп, 160 мың теңгені қолды еткен.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz хабарлайды. ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше Павлодар қаласының 92 жастағы тұрғынына көшеде 35-40 жастағы сыған әйелі жақындап, оның ұлын танитынын айтқан.

«Кейін әжейдің неге дүкенге жалғыз баратынын, кіммен тұратынын сұрап білген. Еш күдіктенбеген қария ұлының танысымын деген адамға бар сырын айтып берген. Балаларының Ресейде тұратынын білген соң денсаулығы туралы әңгімелесе отырып, аяғына массаж жасап берейін деген ұсыныс жасаған. Үйге кірген соң, алаяқ әжейді диванға жатқызып массаж жасаған, сосын 10 мың теңге ақша сұраған. Қария еш ойланбастан сөреден ақшаны алып берген, ал алаяқ арам ісін жалғастырып, ұйқыға кеткенше күткен, артынан 160 мың теңге көлеміндегі ақшасын ұрлап кеткен. Сонда бірақ әжей өзінің алданғанын білген», - деді баспасөз қызметінде.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы қылмысты жасаған күдіктіні ұстау және анықтау бойынша іс-шара жүргізілуде.

Осы категория бойынша: « Жамбыл облысында 7 келі марихуана тәркіленді Ақмола облысының тұрғыны баласын көлікпен басып кетті »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы