365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада 8 айда 400-ден астам өрт оқиғасы тіркелген

  • 220
  • UPD: 15:34, 12.09.2018
Астанада 8 айда 400-ден астам өрт оқиғасы тіркелген

Елордада ағымдағы жылдың 8 айында 401 өрт тіркелген.

Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда, 15 пайызға төмен. Баспасөз жиынында ТЖД басшысының орынбасары Мейрамбек Қайсанов осылай деді. Айтуынша, өрттің басым бөлігі жеке тұрғын үй секторында болады. «Оған себеп – пеш және электр құралдарын дұрыс пайдаланбау», – дейді мамандар. Енді оқыс оқиғалардың алдын алу үшін 15 қыркүйектен бастап өрт қауіпсіздігі айлығы өтеді. 

Мейрамбек Қайсанов, Астана қаласы ТЖД басшысының орынбасары:

– Жыл басынан бері 18 370 тұрғын сектордағы үйлерді аралау жұмыстары жүргізілді. Тұрғындармен 198 жиналыстар өткізілді, бұл жиналысқа 5419 адамды қамтылды, сонымен қатар 7570 адамды қамти отырып, 256 нұсқаулықтар жүргізілді. 12 414 адамның қатысуымен 422 дәрістер өткізілді.

Осы категория бойынша: « Оқиғалар хроникасы. 13 қыркүйек Қарағанды облысында мектеп шатыры өртенді »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы