366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандыда мемлекеттік қызметке үміткерлер жалған анықтама берген

  • 110
  • UPD: 11:30, 21.09.2018
Қарағандыда мемлекеттік қызметке үміткерлер жалған анықтама берген viza-Info.ru

Қарағандыда мемлекеттік қызметке кезекті үміткерлер арасында жалған медициналық анықтама бергендер анықталды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша үміткерлермен ұсынылған 086 формасындағы медициналық анықтамалар ресми түрде тіркелмеген. Мұндай құжаттарды тапсырғандардың ішінде мемлекеттік қызметке жаңа түсуші тұлға мен қазіргі уақытта ауылшаруашылық саласында қызмет атқарып жатқан қызметші бар.

Берік Ахметов:

- Мені сіздердің арсыздықтарыңыз таңқалдырады.Сіздер мемлекеттік органға қызметке бара жатып, осындай жағымсыз іс-әрекетке барып отырсаңыздар, ертең қызметті қалай жүргізбексіздер. Сіздерге мемлекеттік қызметкерлердің қатарында орын жоқ.

Хабар 24 телеарнасы