389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда өртенген үйдің жалыны көршілес ғимаратты шарпыған

  • 879
  • UPD: 09:33, 05.01.2019
Алматыда өртенген үйдің жалыны көршілес ғимаратты шарпыған blogspot.com

Алматыда үш қожайыны бар жеке меншіктегі үй өртеніп, жалын оның маңында орналасқан фирма нысанын шарпыған.

4 қаңтарда 22:44-те өртке қарсы қызмет пультіне Алматыдағы Тілендиев көшесіндегі тұрғын үйдің өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Аумағы 130 шаршы метр, үш қожайыны бар жеке меншік үйді жалын шарпып, жалын оған тиіп тұрған «Star line»  фирмасының 50 шаршы метрлік ғимаратын да шарпыған. Жалпы өрт 180 шаршы метрді жалмаған. Өрт 23:11-де ауыздықталып, 23:35-те толықтай сөндірілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы