375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО аумағында пойыздан күмәнді биологиялық белсенді қоспа табылды

  • 224
  • UPD: 16:29, 17.01.2019
ШҚО аумағында пойыздан күмәнді биологиялық белсенді қоспа табылды altaynews.kz

Шығыс Қазақстан аумағында пойыздан 40 келі күмәнді биологиялық белсенді қоспа табылды, деп хабарлайды Altaynews.kz.

Оқиға Семейдегі «Ауыл-теміржол» шекаралық бақылау бөлімшесінде болды.

«Новосибирск-Алматы» бағытындағы пойызды тексеру кезінде жүксалғыш бөліктерінің бірінен жалпы салмағы 40 килограмм биологиялық белсенді қоспа табылды. Күдікті зат пойыз жолсерігі, 46 жастағы қазақстандыққа тиесілі. Оның қоспаларды Қазақстан аумағына енгізуге ешқандай құжаттары болмай шықты, — деп мәлімдеді ҚР ҰҚК Шекара қызметі.

Мәселенің мән-жайын ШҚО бойынша МІД Экономикалық тергеу қызметі анықтайтын болады.

Хабар 24 телеарнасы