378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теміртау маңында екі көлік соқтығысып қалды

  • 298
Теміртау маңында екі көлік соқтығысып қалды novorosinform.org

Ақпан айының 18-і күні «Қарағанды-Астана» тасжолында Теміртау қаласынан 4 шақырым қашықтықта қарда 39 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Фольксваген пассат» көлігі тұрып қалған.

Аталған автокөлікке алдын ала болжам бойынша жолдың көрінбеуінен көліктің басқаруына ие бола алмаған «ВАЗ-2115» және «Лада Приора» автокөліктері соқтығысқан. Одан кейін бұл көліктерге «Мерседес» жүк көлігі соғылған.

Жол-көлік оқиғасында қаза болғандар жоқ, қалалық ауруханаға жол-көлік оқиғасына түскен 2 адам жеткізілді.

Сондай-ақ жоғарыда болған жол-көлік оқиғасынан 50 метр қашықтықта тағы да 6 автокөлік соқтығысқан. Аталған жерде полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Айта кету керек, 18 ақпанның бірінші жартысында қала бойынша 13 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 2 адам жарақат алды.

Хабар 24 телеарнасы