389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында желден ғимараттың шатыры ұшты

  • 482
Қарағанды облысында желден ғимараттың шатыры ұшты

Қарағанды облысында бүгін қатты жел тұрып, бірнеше тұрғын үй мен әлеуметтік нысанға залал келтірді.

Дүлей дауыл шамамен 3500 шаршы метр шатырды ұшырып әкеткен. Табиғаттың тосын мінезінен бір адам зардап шегіп, ауруханаға түсті. Қазір денсаулығы қалыпты. Төтенше жағдай қызметі ертең де аймақта құбылмалы ауа-райының сақталатынын ескертіп отыр. Секундына 28 метр жылдамдықта жел тұрып, қар аралас жаңбыр жаумақ. Ал ауа температурасы 8 градусқа дейін төмендейді.

Айдана Жүніс, облыстық төтенше жағдай қызметінің баспасөз хатшысы:

- Қарағанды облысында 8-ге жуық шатыр құлады. Бұл яғни 30 шаршы метрден бастап 1600 шаршы метрге дейінгі аралықты қамтыды. Соның ішінде Кривогуз көшесіндегі сауда үйлерінің бірінде 1947 жылғы әйел адам зардап шеккен болатын. Ол кісі ауруханаға жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы