389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ралли Қазақстан - 2019» қатысушысының көлігіне соқтығысып қашқан жүргізуші жауапқа тартылды

  • 315
  • UPD: 08:38, 01.06.2019

Маңғыстау облысында жарыс көлігін қиратқан адамға екі хаттама толтырылды.

Жаңаөзендік полицейлердің мәліметінше, «Ралли Қазақстан - 2019» жарысына қатысушы жүрдек машина қала ішіндегі дүкен жанына аялдаған. Ресейлік экипаж ішке кірген сәтте олардың көлігіне шағын автобус соғылады. Жүргізушісі оқиға болған жерден қашып кеткен. Куәгерлердің көмегмен жол сақшылары күдіктіні тапты. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің екі бабымен хаттама толтырылып, іс сотқа жолданды.

Хабар 24 телеарнасы