384,36 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында әскери бөлімге таяу маңнан өрт шықты

  • 254
  • UPD: 10:57, 07.07.2019
Түркістан облысында әскери бөлімге таяу маңнан өрт шықты

№2020 әскери бөліміне таяу маңда өрт болды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖД мәлімдеді.

«6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласынан 120  шақырым жерде №2020 әскери бөліміне таяу маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері қабылдаған шаралардың арқасында сағат 22:35- те қызыл жалынның алды алынып,  22:57-де толық сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ үш гектарды құрады.  Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ», -  деп атап өтті комитет.

Ведомство мәліметінше, өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22  маманы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы