386,91 428,03 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Маңғыстау облысында 4 күн бұрын суға кеткен қыздың мәйіті табылды

  • 137
  • UPD: 10:41, 09.08.2019

Маңғыстаулық құтқарушылар осыдан төрт күн бұрын суға кеткен қыздың денесін тапты. Теңіз толқыны марқұмның мәйітін Қарақия ауданындағы кеме құрастыру зауытының маңына шығарып тастаған.

Есіңізге сала кетейік, тамыздың бесінде Құрық елді мекеніне жақын жерде үш адам айдынға батып кеткен болатын. Іздестіру шараларына 50 адам жұмылды. Өкінішке орай, бір тәуліктен соң 2002 және 2003 жылы туған ұл мен қыздың денесі табылды.

Оралда мопедтегі жасөспірімді автокөлікпен қағып кетті. Жол көлік оқиғасы Орал-Желаево тас жолында болған. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше «Фольксваген» көлігінің жүргізушісі нан комбинаты бағытында кетіп бара жатып, Төле би көшесінің бұрылысында мопедтке жол бермеген. Салдарынан 13 жастағы жеткіншек тізгіндеген қос дөңгелекті көлікті қаққан. Кәмелеттік жасқа толмаған бала ауруханаға жеткізілді. 

Жезқазғанда коммуналдық қызметтердің бірі қазған орға әйел құлап кетті. Тұрғын белінен жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Жазатайым оқиға қалалық аурухананың аумағында болған. Мекемеде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тереңдігі екі метрден асатын ор кәріз құбырларын ауыстыру үшін қазылған көрінеді. Құрылыс жұмыстары жүріп жатқан аумақ арнайы жіппен қоршалған.  Алайда сол төңіректе  рұқсат етілмеген өткел пайда болған. Белгісіз біреулер есікті көпір орнына пайдаланып, жол қылған.  Зардап шеккен азаматша сол жерден құлап кеткен. 

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданындағы қоқыс тасталатын орынға медициналық қалдықтарды шашып кеткен тұлғалар іздестіріліп жатыр. 7 тамыз күні Маңғыстау-5 елді мекеніне жақын маңда қан мен дәрет сынамалары бар 400-ге жуық шағын контейнер табылған еді. Бұл ақпарат әлеуметтік желілерге таралған соң аудан әкімдігі жауапты мамандарды жіберіп, оларды жинатып алды. Көп ұзамай қалдықтардың орталық ауруханада жойылатыны хабарланды. Ал жергілікті құзырлы органдар осы деректің мән-жайын анықтауға жұмылған.

Батыс Қазақстан облысында барымташы қолға түсті. Ол 45 жастағы Бөкейорда ауданының тұрғыны болып шықты. Қаскөй шаруалардың малын ұрлап келген. Полицейлердің 6 бірдей мал ұрлығына қатысы бар екендігін анықтады. Ал жалпы саны 10 жылқыны қолды қылған. Қазір аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеп, тексеру шаралары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы