387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралда сауда үйінің маңында көлік жанып кетті

  • 158
  • UPD: 15:30, 29.08.2019
Оралда сауда үйінің маңында көлік жанып кетті inform.kz

Орал қаласында жеңіл көлік өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін болған. Сағат 18.15-те Сырым Датұлы көшесі бойындағы «Астана» сауда үйі аялдамасы маңында 2011 жылы шығарылған Hyundai Accent автокөлігінің жанып жатқаны жөнінде мәлімет түскен.

Өртті сөндіруге 6 адам, 1 техника жұмылдырылды.

Тілсіз жау сағат 18.28-де ауыздықталды. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Хабар 24 телеарнасы