389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жедел жәрдем қызметкерлері соққыға жығылды

  • 195
  • UPD: 12:57, 03.10.2019
Семейде жедел жәрдем қызметкерлері соққыға жығылды total.kz

Науқасқа көмек көрсетеміз деп өздері ауруханадан бір-ақ шықты.

Семейлік жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері түн ортасында шақырту бойынша тұрғын үйлердің біріне барамыз деп соққыға жығылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Медициналық жәрдемді аяғы ауыр келіншектің күйеуі шақырған. 9 минутта жеткен ақ халаттылардың көмек көрсету тәсілі ұнамай, ішімдікке сылқия тойып алған әлгі азамат жұдырық ала жүгіріпті. Оған жанындағы мас досы да көмектесіпті.

Осындай аласапыранда жүрсе де, дәрігерлер өз міндеттерін адал атқарып, науқас әйелді ауруханаға алып кеткен. Қазір таяқ жеген фельдшерлер полицияға арыз түсіріп, бұл істі құқық қорғаушылар тергеп жатыр.

Балжан Аймағамбетова, жедел жәрдем қызметінің аға дәрігері:

- Балағат сөздер айтып, ақыр аяғында фельдшер қыздың бетінен ұрған кезде оны фельдшер жігіт оны құтқарған. Құтқарғанда жолдасы екеуі фельдшер жігітті жерге құлатып тепкілеген. Ол болмағаннан кейін далаға шығып, машиналарын тепкілеген, медициналық жәшікті тепкілеген. Екеуінде де бас ми шайқалу жарақаты. Екеуі де ем алып жатыр қазір. Бұндай жағдай біздің жедел жәрдем станциясында бірінші рет емес, жиі болып бара жатыр.

Хабар 24 телеарнасы