389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық дәрігерлер нәресте өлімі фактісін жабу үшін 300 мың теңге пара бермек болған

  • 239
  • UPD: 21:02, 04.10.2019

Атырау облыстық перзентханасының басшысы мен дәрігерлері жаңа туған нәрестені тоңазытқышқа салып өлтірді деген күдікке ілінді.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдолла мәлімдеді. Оның айтуынша, жаңа туған балада тіршілік белгілері байқалмағандықтан дәрігер оны құжатқа өлі туды деп жазған. Бірақ шақалаққа жан біткен сәтте шұғыл шаралар қабылдаудың орнына құжатты өзгерте алмайтындарын түсініп, оны тоңазытқышта қалдырған. Сондай-ақ қылмысты жылы жабу мақсатында облыстық сот-медициналық сараптама институты филиалының басшылығына 300 мың теңге көлемінде пара ұсынған.

Шыңғыс Қабдолла, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары:

- Біздің жедел тергеу тобымыз перзентханаға шұғыл аттанғанымен, қайғылы жағдайдың алдын алу мүмкін болмады. Шақалақ өлі күйінде тоңазытқыш ішінен табылды. Сот шешімімен осы іске қатысты күдіктілердің барлығы қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сонымен бірге дәл осы перзентхана басшысы демеушіліктен келген 1,5 млн теңгені өз пайдасына жаратқан. Ол «Дәрігерлердің біліктілігін арттыру үшін жеке компаниядан ақша сұраған. Компания директорынан алған қаражатты өз мақсатына жаратып, шетелде демалып келген. Осы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрі Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысын жұмыстан босатуды ұсынды. Ол өз еркімен жұмыстан кететін мәлімдеген.

Айта кетейік, өңірлердегі бас дәрігерлерді тағайындау немесе оларды жұмыстан босату  – жергілікті атқарушы органдардың құзіретіне жатады.

Хабар 24 телеарнасы